Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қали Рахметов: Әлеуметтік кодекс азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен міндеттерін айқындап береді

2022 жылдың 18 қаңтар 2022 10:01

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында Әлеуметтік кодекстің қабылдануын қамтамасыз ету туралы тапсырма берді. Бұл кодекс азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен міндеттерін айқындап береді. Ақмола облысы кәсіподақ орталығының төрағасы Қали Рахметов осылай дейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Үкіметке алда тұрған міндеттерді шешу және 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспарын әзірлеу жөнінде тапсырмалар берді. Оның ішінде халықтың табысын арттыру туралы бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Президент атқарушы органдардың жұмыстары мен мәліметтерінің халықтың шынайы жағдайы мен қажеттіліктеріне сай келмейтін әділ атап өтті. Билік құрылымдарының өкілдері адамдардың өмірі, олардың ұмтылыстары мен өтініштері туралы бұрмаланған түсінік қалыптастырды. Біз бүкіл қоғамның бірлескен күш-жігері ғана әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын ілгерілету мен Қазақстандағы еңбек адамына лайықты жағдайларды қамтамасыз ету үшін негіз бола алатынына сенімдіміз. Осыған байланысты Кәсіподақтар федерациясы еңбек заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша мақсатты жұмыс жүргізііп жатыр», - деді Қали Рахметов.

Оның айтуынша, Президенттің Әлеуметтік кодекстің қабылдануын қамтамасыз ету туралы тапсырмасы өзекті болып отыр.

Осы арқылы пандемия сын-тегеуріндері мен жинақталған проблемаларды ескере отырып, әлеуметтік саясатты жаңа болмысқа бейімдеу қажет.

Әлеуметтік кодекс жаңа қоғамдық шарттың негізгі элементі болуға тиіс.

«Біз, кәсіподақтар болашақта әлеуметтік Кодексті қабылдау және іске асыру азаматтардың өздерінің әлеуметтік құқықтары мен міндеттері туралы бірыңғай білім көзін құруға, нормалардың қайталануы мен шашыраңқылығын болдырмауға, халықтың әлеуметтік әл-ауқатының автоматтандырылған мониторингін жүргізуге, әлеуметтік құқықтарды қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын қабылдауға, оның ішінде проактивті форматта мемлекеттік қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді деп санаймыз. Еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы мен жауапкершілігін түсіне отырып, біз туындаған мәселелерді шешу бойынша үкіметпен және жұмыс берушілермен тиімді өзара іс-қимылды қолдаймыз», - деп толықтырды Қали Рахметов.


Жоғары қарай