Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қалалық автобус тасымалдарын дамыту жөніндегі кешенді шаралар әзірленді

2020 жылдың 14 шілде 2020 19:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде қалалық автобус тасымалдарын дамыту жөніндегі кешенді шаралар әзірленді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған министрлікке қарасты Көлік комитетінің дерегіне қарағанда, елімізде автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі шамамен өткен жылдың деңгейінде сақталып отыр.

«Отандық автотасымалдаушылардың халықаралық жүк тасымалдау нарығындағы ұстанымын нығайту мақсатында сатып алынатын ершікті тартқыштарды кәдеге жарату алымынан және алғашқы тіркеу алымынан босату жөнінде шешім қабылданды. Сондай-ақ, қалалық автобус тасымалдарын дамыту бойынша шаралар кешені әзірленді. Оны іске асыру саладағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - делінген ведомство мәліметінде.

Сонымен қатар ЕАЭО көлік дәліздері жүйелерімен ықпалдастырылған көлік құжаттарын басқару жүйелерін цифрландыру; халықаралық жүк тасымалы үшін рұқсат беру жүйесі рәсімдерін автоматтандыру; еліміздің автобус паркін жаңарту сияқты жұмыстар жалғасады.

Еске сала кетейік, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында 2020 жылдың 5-19 шілде аралығында облысаралық және қалааралық автобустардың жүруі тоқтатылды.

Карантин енгізілген сәттен бастап ҚХР, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолия автокөліктерінің барлық түрлерімен жолаушылар мен багажды екі жақты тасымалдау, оның ішінде 117 тұрақты бағыт, сондай-ақ транзиттік жолаушылар тасымалы тыйылды.


Жоғары қарай