Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кабул әуежайының маңында жарылыс болды

2021 жылдың 26 тамыз 2021 20:38

КАБУЛ. ҚазАқпарат – Кабул әуежайының ғимаратында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат АҚШ қорғаныс министрлігінің ресми өкіліне сілтеме жасап.

Пентагон баспасөз хатшысы Джон Кирби Кабул әуежайы маңында жарылыс болғанын растады. Құрбан болғандар бар-жоғы әзірге белгісіз. Соңғы күндері әуежай маңына Ауғанстаннан ұшып жатқан эвакуациялық рейстерге отыру үшін мыңдаған адам жиналып жатыр.

26 тамызда АҚШ, Ұлыбритания мен Аустралия Кабул әуежайының шабуылға ұшырауы мүмкін екені туралы өз азаматтарына ескерткен.

«Біз Кабул әуежайы маңындағы жарылысты растай аламыз. Қазіргі уақытта құрбан болғандар саны белгісіз. Біз қосымша хабарлаймыз», - деді Пентагон өкілі Джон Кирби Твиттерде.

Алдын ала дерек бойынша, жарылыс Аббей қақпасының алдында болған.















Авторы: Арсен Өтешев

Фото: Фото: CNN, twitter.com/HananyaNaftali, twitter.com/BuckSexton,twitter.com/sudhirchaudhary
Басты сөздер: Ауғанстан, Оқиға, АҚШ,
Жоғары қарай