Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Израиль шетелдегі дипмиссияларды жауып жатыр

2019 жылдың 30 қазан 2019 16:59

ИЕРУСАЛИМ. ҚазАқпарат – Израиль шет елдердегі дипломатиялық миссияларын жауып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Израиль СІМ сайтына сітеме жасап.

«Қаржы министрлігі Бас директоры бекіткен және 2019 жылдың 21 шілдесінде қол қойған келісімдерді бұзу туралы шешіміне және ондаған жылдар бойы күшіне еніп келе жатқан хаттаманы өзгертетін шет елдердің өкілдеріне біржақты процедураларды енгізуге байланысты Сыртқы істер министрлігі шет елдердегі барлық дипломатиялық өкілдіктерді жабуға мәжбүр. Консулдық қызметтер көрсетілмейді. Бұдан бөлек, мекемеге кіруге ешкімнің құқығы жоқ», - делінген хабарламада.

«Шет елдердегі Израиль өкілдері халықаралық қатынасты және елдің күшін нығайтуға күн сайын ұмтылуда. Қаржы министрлігі Израиль мемлекетінің негізгі құралына залал келтіріп отыр. Өкінішке орай, біздің дипломатиялық өкілдіктерді жабудан басқа таңдауымыз жоқ. Бұл мәселе таяу уақытта шешіледі деп үміттенеміз»,-делінген елдің сыртқы саяси ведомоствосының хабарламасында.

Автор:

Раушан Қоңырбаева

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай