Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Израиль Парсы шығанағындағы екі елдің вакцинация сертификатын мойындады

2021 жылдың 27 қазан 2021 03:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі коронавирус пандемиясына қатысты түрлі елдердегі ахуалға шолу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Біріккен Араб Әмірліктері мен Бахрейн Корольдігінде вакцинациядан өтіп, Өлі теңізге саяхатқа баруға болады. Израиль Парсы шығанағындағы екі елдің вакцинация сертификаттарын мойындады. Денсаулық сақтау министрі Ницан Хоровиц Израиль, БАӘ және Бахрейн арасында «жасыл дәліз» туралы келісімге қол қойды. Әмірліктерде халықтың 86,9%-ы, Бахрейнде-66%-ы толық вакцинациядан өтті. Бұл елдерде ДДҰ сертификаттаған коронавирустық препараттар ғана емес, сонымен бірге ресейлік «Спутник V» вакцинасы да қолданылады.

Өзбекстан Үкіметі Ресейге вакцинация сертификаттарын өзара тануды ұсынуға дайындалып жатыр. Билік өз ұсынысын қараша айының ортасына дейін жариялауға дайын. Сонымен қатар бұл құжат Ресей Федерациясымен де, ТМД және алыс шетелдермен де вакцинация сертификаттарын тануды қамтиды. «Бұдан әрі бұл елдердің, атап айтқанда Ресей Федерациясының сертификаттарды тану туралы осы ұсынысқа қалай жауап беретініне байланысты», — деп атап өтті санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық қызметінің басшысы Баходыр Юсупалиев.

Қытайдың солтүстік-батысындағы Ланчжоу қаласы COVID-19 басталғаннан кейін карантинге алынды. Азиялық БАҚ-тың хабарлауынша, төтенше жағдайларды қоспағанда, 4 миллион қала тұрғынына үйден кетуге тыйым салынады. Шектеулер Қытайда инфекцияның 29 жаңа жағдайы анықталғаннан кейін енгізілді, олардың алтауы Ланчжоуда тіркелді.

Латвияның Денсаулық сақтау министрлігі Үкіметке жұмылдыруды жариялау туралы өтініш беруге ниетті. Жұмылдыру дегеніміз мемлекетке төнген қатердің алдын алу немесе оның зардаптарын жою мақсатында әскери немесе азаматтық қорғаныс шараларын жоспарлау мен дайындауды білдіреді. Жұмылдыру туралы бұйрық 2 қарашада жарияланады деп күтілуде.

Өткен тәулікте Болгарияда коронавирусты жұқтырудың 5 863 жаңа жағдайы анықталды. Бұл пандемия басталғаннан бері бір күндегі рекордтық өсім. Сонымен қатар Украинада коронавирустан күніне өлім жағдайларының ең көп саны тіркелді - 734 дерек.




Басты сөздер: Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай