Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Израиль 18 жастан асқан қауіп тобындағы адамдарға вакцинаның 4-дозасын мақұлдады

2022 жылдың 27 қаңтар 2022 14:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі 18 жастан асқан және ілеспе аурулары бар, сондай-ақ қауіп тобындағы адамдарға, оларды күтушілерге коронавирус вакцинасының төртінші дозасын егуді мақұлдады. Бұл туралы Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Израиль Денсаулық сақтау министрлігінің бас директоры Нахман Эштің айтуынша, 60 жастан асқан адамдар үшін вакцинаның төртінші дозасы, аталған инфекциядан қорғаудың үшінші дозамен салыстырғанда – екі есе, сырқаттың ауыр ағымынан және ауруханаға жатқызудан 3-5 есе жоғары қорғайды. «Вакцинаның төртінші инъекциясы үшінші дозаны алғаннан төрт ай өткен соң енгізіледі», - деп толықтырды министрліктен.

25 қаңтарда Денсаулық сақтау министрлігінің Сараптамалық кеңесі үшінші инъекцияны алған немесе бес ай бұрын ковидпен ауырған 18 жастағы және одан асқан азаматтарға елде коронавирусқа қарсы вакцинаның төртінші дозасымен егуді бастауды ұсынды. Оның күшіне енуі туралы ұсынымды департаменттің бас директоры бекітуі керек.

Израильде 2020 жылдың 20 желтоқсанында халықты коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. Ел тұрғындары үшінші дозаны 2021 жылғы шілде айының соңында ала бастады, төртінші инъекция 60 жастан асқан адамдарға, медицина қызметкерлеріне және қауіп тобына жататын науқастарға 2022 жылдың қаңтар айының басында салына бастады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 6,68 миллион адам екпенің бір дозасын, 6,07 миллионы екі дозаны, 4,43 миллионы үш дозасын, 611 мыңы төрт дозасын алған. Ел халқының жалпы саны – 9,3 миллион адам.


Жоғары қарай