Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Италиялық әйел лотереядан Пабло Пикассоның картинасын ұтып алды

2020 жылдың 21 мамыр 2020 08:33

РИМ. ҚазАқпарат - Италия тұрғыны Пабло Пикассоның құны 1 млн еуродан асатын картинасын лотереядан ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com ресурсына сілтеме жасап.

Картина 1921 жылы салынған. Натюрморт. Christie's аукцион үйі ұйымдастырған ойында 50 мың билет ойнатылған. Әр билет 100 еуроға сатып алынған.

«Тіпті картина үйдің қабырғасында ілініп тұрса да, оны ұрлап кетеді дейтіндей қауіп жоқ. Әрине, оны сақтандыру керек болады. Бірақ бұл картинаны миллиондаған адам көрген. Бір де бір ұры оны қайта сата алмайды», - дейді лотерея ұйымдастырушысы Пери Кошен.

Жиналған ақшадан 900 мың еуро картинаның бұған дейінгі иесіне беріледі. Қалған сома қайырымдылық ұйымдарына аударылады. Ол ұйымдардың мақсаты – Мадагаскар мен Камерунды таза ауыз сумен қамтамасыз ету.

«Таза сусыз өмір сүру мүмкін емес. Коронавирус адам өмірі сусыз қаншалықты қиын екенін бізге көрсетіп берді. Қол жуу – коронавирустан сақтанудың ең тиімді жолы. Бірақ су болмаса, қолыңды қалай жуасың?», - деп атап өтті Кошен.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бақытты билет желтоқсанда сатып алынып, лотерея жеңімпазына сыйға берілген.


Перевод Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Еуропа, Мәдениет,
Жоғары қарай