Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Италияда коронавирустан алғашқы адам қайтыс болды

2020 жылдың 22 ақпан 2020 13:00

РИМ. ҚазАқпарат – Коронавирус жұқтырған егде жастағы Падуи азаматы қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW-ге сілтеме жасап.

Жаңа инфекция пайда болғаннан кейін Италия билігі мектептер, қоғамдық мекемелер мен мейрамханаларды жабуға бұйрық берді.

Коронавирус жұқтырған Италия тұрғыны жұма күні қаза тауып, Қытайда пайда болған жаңа коронавирустың алғашқы еуропалық құрбаны болды.

Италияның денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанцтың жұма күнгі мәлімдемесі бойынша, қарт адам Падуя қаласындағы емханада қайтыс болған. Оның айтуынша, 78 жастағы науқас ауруханада 10 күн жатты.

Құрбан болған азамат Венето ауданында коронавирусқа жасалған тест оң нәтиже көрсеткен екі адамның біреуі.

Тағы 15 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болғаннан кейін Италияның солтүстігіндегі 10 қаладағы мектептер, қоғамдық мекемелер мен мейрамханаларды жабуға бұйрық берген болатын.

Барлық жағдай Ломбардия ауданында тіркелді. Онда 38 жастағы азамат қаңтардың соңында Қытайдан оралған адаммен кездескеннен кейін вирус жұқтырған. Ол ем алған Кодоньо қаласындағы емханада бес дәрігер, медбике мен бірнеше емделуші індет жұқтырды.

Ломбардия ауданында бір дәмханаға барған тағы үш адамның тест қорытындысы оң нәтиже көрсетті.

Италия шенеуніктерінің айтуынша, жүздеген адам оқшауландырылып, вирусқа тексерістен өтіп жатыр. Індет жұқтырған ер адамның 150-ден астам әріптесі мен Кодоньо емханасындағы 70 медицина қызметкері медициналық тексерістен өтіп жатқандар қатарында.

Осылайша, Италияда қауіпті вирус жұқтырғандардың жалпы саны 17-ге жетті.


Жоғары қарай