Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Италияда коронавирусқа байланысты ТЖ режимі сәуірдің соңына дейін ұзартылады

2021 жылдың 13 қаңтар 2021 21:00

РИМ. ANSA – ҚазАқпарат – Италия билігі коронавирусқа байланысты елдегі ТЖ режимін 2021 жылғы сәуірдің соңына дейін ұзартады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA агенттігіне сілтеме жасап.

ТЖ режимін ұзарту туралы Италияның денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанца мәлімдеді. Ол Италия үкіметі елдің «қызыл» ғана емес, сондай-ақ «сары аймаққа» да енген өңірлері арасында адамдар қозғалысына тыйым салуы мүмкін екенін айтты.

«Біз елдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушыққанын көріп отырмыз. Эпидемия қайтадан өрістеу кезеңінде. Осыған байланысты Италияда ТЖ режимі 2021 жылғы 30 сәуірге дейін ұзартылады», - деді Роберто Сперанца.

Еске сала кетейік, қазан айында Франция мен Италия коронавирус инфекциясын жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші бойынша антирекорд орнатқан еді. Жаңа вирустан болған тәуліктік өлім жағдайларының саны 43-тен 83-ке дейін, яғни екі есеге артқан болатын. Елде пандемия басталғалы тіркелген өлім деректерінің жалпы саны 36 000-нан асады. Сондай-ақ Италияда коронавирус инфекциясына жүргізілген тест саны да 163 000 болып, рекордтық көрсеткішке жетті.

Басты сөздер: Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай