Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Италия тұрғындарының 50 пайызынан астамы коронавирусқа қарсы вакцина алды

2021 жылдың 20 шілде 2021 21:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Италияда COVID-19 вакцинациясының қарқыны артып келеді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналыны сілтеме жасап хабарлайды.

Италияда COVID-19 вакцинациясының қарқыны артып келеді. Қазірдің өзінде коронавирустық инфекцияға қарсы иммундауға жататын ел халқының жартысынан көбі егілді.

20 шілдедегі мәліметтерге сәйкес, елдің 27 миллионнан астам тұрғыны немесе 12 жастан асқан халықтың 50,2%-ы COVID-19 вакцинасының екі дозасын алды, деп хабарлады Италияның Денсаулық сақтау министрлігі.

Вакцинация науқаны кезінде коронавирусқа қарсы мақұлданған төрт вакцинаның 61,5 миллион дозасы қолданылды. Вакцинациямен ең көп қамтылған халық тобы-50-ден 59 жасқа дейінгі адамдар. Одан кейін 60-69 жас, 70-79 жас және 40-49 жас аралығындағы топтар.


Жоғары қарай