Ауа райы
Астана 33 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

Испанияда коронавирусқа шалдыққандар саны 100 мыңнан асып кетті

2020 жылдың 1 сәуір 2020 18:23

МАДРИД. ҚазАқпарат – Испанияда коронавирус жұқтырғандар саны 100 мыңнан асып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Испания денсаулық сақтау министрлігінің Twitter -дегі ресми парақшасы жария еткендей, бүгінде Covid-19 жұқтырғандар саны 102 136 адам болды.

Айта кетейік, сейсенбі күні бұл көрсеткіш 94 417 оқиғаны құраған болатын. Соңғы 24 саатта қайтыс болғандар саны 8189 адамнан 9053 адамға артқан, яғни 864 адам.

Мадрид автономды қоғамында ауру жұқтырғандар саны көп тіркелген – 29 840 жағдай. Екінші орында Каталония, онда 19 991 жағдай.

Испания денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Испанияда коронавирустан 22 647 науқас емделіп шыққан.

Айта кетейік, Испанияда коронавирус індеті Италиядағы Covid-19 жағдайынан кейін бірден өсті.

Фото: © Claudio Furlan/LaPresse via AP
Басты сөздер: Еуропа, Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай