Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Испанияда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті

2020 жылдың 14 наурыз 2020 22:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Испанияның Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулік ішінде коронавирус жұқтырудың 1 500 жағдайы тіркелгенін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда COVID-19 жұқтырғандардың саны 5 153 адамға жеткен. Испания Еуропа елдерінің ішінде коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша екінші орында тұр. Италияда қазіргі таңда коронавирус жұқтырғандардың саны 15 мыңнан асып кеткен.

Испания Үкіметі елде төтенше жағдай жариялағалы отыр. Бұған дейін корольдік тарихында ТЖ бір рет қана жарияланған.

Айта кетсек, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропаның қазіргі таңда пандемия «эпицентрі» екенін жария еткен еді. Еуропаның бірнеше елі кейінгі күндері вирус жұқтырғандардың саны мен өлім-жітім жағдайы күрт өскенін хабарлауда.

Перевод Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Коронавирус, Әлем, Медицина,
Жоғары қарай