Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Испанияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай пошта маркасы шығарылды

2021 жылдың 19 ақпан 2021 10:36

МАДРИД. ҚазАқпарат - Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Испанияда пошта маркасы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ сайтына сілтеме жасап.

«Жоба Қазақстан Елшілігінің бастамасымен еліміздің тарихындағы елеулі оқиғасына орай жүзеге асырылды. Маркада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі 30 жылдығының логотипі бейнеленген және испан тілінде әрбір қазақстандықтың жүрегіне ыстық жазылған.

Хат алмасудың күнделікті нышаны болып табылатын пошта маркасы испаниялықтарға Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойын еске салады», делінген хабарламада.

Кейінірек марканың арнайы өшіру рәсімін өткізу және оны Испания филателист ұйымдарға жіберу жоспарланып отыр.




Еске сала кетсек, Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің бастамашылығымен сол елде осындай мерейтойлық пошта маркасы шығарылды.


Жоғары қарай