Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Испания пандемия кезінде көз жұмған 28 мың адамды еске алды

2020 жылдың 16 шілде 2020 17:07

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Испания елдегі коронавирустан қайтыс болған 28 мыңнан астам адамды еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Корольдік жұптың басшылығымен Мадридте өткен іс-шараға 50-ге жуық қонақ қатысты. Олардың қатарында құрбан болғандардың туыстары, елдің лауазымды тұлғалары, Еурокомиссия, Еуропарламент және Еуропа одағы басшылары бар.

Король Филипп вирус салдарынан жақындарынан айырылғандардың барлығына көңіл айтты.

«Бұл дағдарыс бізге сынақ болды. Сонымен қатар, ол өз өмірін қауіпке тіге отырып, басқаларға адалдығын сақтап, қайсарлық таныта алатын азаматтардың бар екенін көрсетті», - деп атап өтті ол.

Монарх мемлекет көмектескендердің бәріне қарыздар екенін айтып, испан халқын бірлікке шақырды. «Алға қадам басу үшін білімді, қайсар және іске адал болу керек» екенін атап өтті.

Рәсім мексикалық ақын Октавио Пастың «Үнсіздік» өлеңімен аяқталып, содан кейін бір минут үнсіздік жарияланды.

Испания – коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша Еуропа елдерінің арасында төртінші орында тұр.

Эпидемия 28,4 мың адамның өмірін қиды, вирус жұқтырғандар саны 304,5 мың адамнан асты.


Автор: Тимур Дүйсекеев


Басты сөздер: Коронавирус, Еуропа, Әлем,
Жоғары қарай