Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Испания мен Франция шекарасындағы орман өртенді

2021 жылдың 22 ақпан 2021 02:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Испания мен Франция шекарасындағы орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Испанияның Наварра автономиялық қауымдастығына қарайтын Бера мен Лесака қалаларындағы орман өрті таяу маңдағы Баск елі өңіріне және Франция шекарасындағы аудандарға таралды. Көптеген турист аталмыш ауданнан қауіпсіз жерге көшірілді. Орманды сөндіруге 200-ге жуық өрт сөндіруші жұмылдырылған.

Ақпан айы бұрынғысынан жылы болғандықтан және жылдамдығы сағатына 100 шақырымға жететін жел де өрттің тез таралуына себепші болуда.

Сенбі кешке ғана өрттің таралуы шектелді, бірақ жағдай әлі де ауыр. Жел аздап саябырлады, сонда да құтқарушылар жұмысына кедергі келтіріп отыр. Испания мен Франция өрттің шығу себебін тексеруге кірісті.

Францияның Атлант Пиреней департаментінде фермерлерге құрқақ шөпті өртеуге тыйым салынды.


Перевод Жәнібек Амангелді
Басты сөздер: Еуропа, Әлем,
Жоғары қарай