Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ішкі нарық мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілді - министр Ноғаев

2020 жылдың 11 тамыз 2020 12:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның ішкі нарығы мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұнай өнімдерін өңдеу 2020 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша 6,4 млн тоннаны құрады. Бүгінде мұнай өнімдерін өңдеу есепті жылдың жоспарымен салыстырғанда өсім көрсетуде. Яғни, автобензин 2,5 млн, дизель отыны 2,5 млн, әуе отыны 253 мың, мазут 1,4 млн тонна өндірілді. Битум өндірісі 539 мың тоннаны немесе өткен жылдың жеті айымен салыстырғанда 116,7 пайызды құрады», -деді ол.

Осы ретте министр мұнай өнімдерін өңдеу көрсеткішінің артуына не себеп болғандығын түсіндіріп өтті.

«Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртудың нәтижесінде мұнайды терең өңдеу қамтамасыз етілді. Бүгінгі таңда ішкі нарық мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген»,- деді Нұрлан Ноғаев.


Жоғары қарай