Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері кезекті рет қан тапсырды

2021 жылдың 21 шілде 2021 17:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Медициналық ұйымдарды қан компоненттерімен толық қамтамасыз ету үшін «Қан тапсырыңыз, әлемде өмір импульсі болсын» деген лозунгпен жазғы донорлық қан акциясы өткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметкерлер ІІМ-нің аумағында орналасқан қан мен оның компоненттерін қауіпсіз тапсыру үшін барлық жағдай жасалған қан орталығының мамандандырылған автобусында тапсырды.

Акция күні ІІМ орталық аппаратының 60-қа жуық қызметкері қан тапсырды. Қан орталығына 26 литр қан жіберілді.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасы бастығының орынбасары Любовь Досқалиева тұрақты донор болып келе жатқандардың бірі. Қан хирургиялық операциялар жасау және күйікке шалдыққан науқастарға көмек көрсету кезінде қажет, сондай-ақ онкологиялық науқастардың өмірін сақтауға және басқа ауруларды емдеуде үлкен рөл атқарады. Донорлық қан қорларын демалыс және жыл мезгілдеріне қарамастан тұрақты түрде толықтыру – адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі. Сондықтан министрлік қызметкерлері донорлық акцияларға қатысуды дәстүрге айналдырған.

– Мен үшін қан тапсыру өте маңызды. Өйткені донор рәсім үшін берген 450 миллилитр біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін, – дейді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкері Риза Төлеубай.

Өз кезегінде ҚР ДСМ Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының медицина қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің донорларына алғыс білдірді.


Басты сөздер: Қайырымдылық, Медицина, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай