Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Иранның әуе қорғаныс күштері Украина ұшағын қателесіп атып түсірген

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 10:31

ТЕГЕРАН. ИРНА- ҚазАқпарат –Иран Қарулы Күштерінің Бас штабы Тегеран маңында сәрсенбі күні құлаған ұшақты Иранның Әуе қорғаныс күштері қызметі зымыранмен байқаусызда атып түсірген, деп хабарлады ИРНА агенттігі.

Иранның Қорғаныс Күштерінің Бас штабы өкілдерінің айтуынша, ұшақ апаты Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларын атқылағаннан кейін бірнеше сағаттан соң болды. Ал АҚШ базаларына шабуылдан соң оған қарымта жауап болуы мүмкін еді. Осыған қарай сәрсенбі күні әуеде АҚШ ұшақтарының саны көбейген.

«Бұл жағдай өз кезегінде әуе қорғанысы күштерінің алаңдаушылығын тудырды. Адам қателігінің салдарынан, аталған ұшақ атып түсіріліп, шетел азаматтары мерт болды. Бұл әрине, өкінішті»,-делінген Бас штабтың хабарламасында.

Мәлімдемеде сонымен қатар ұшақтың Ислам революциясы күзет корпусының маңызды әскери нысандарының біріне жақын жерде болғаны және ұшақтың ара қашықтығы да жау нысанын елестеткені айтылған.

Осыған дейін Иранда 180 жолаушысы бар Украина ұшағы құлағаны туралы хабарланды.

Артынан Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ұшақта Қазақстан азаматтарының жоқ екенін хабарлады.

Тегеранда құлаған Украина ұшағындағы жолаушылардың барлығы мерт болғаны анықталды.

Канада премьер-министрі Иран жолаушылар лайнерін абайсызда атып жіберу мүмкін деген болжамын жариялады.



Жоғары қарай