Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Иран сарапшылары Қазақстанның тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктерін талқылады

2021 жылдың 18 қазан 2021 18:08

ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ирандағы Елшілігі Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ) Мәдениет институтымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Оған Иранның сарапшылық және талдау орталықтары өкілдерінің, іскер топтардың, көрнекі мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ Қазақстан достары қатысты.

Дөңгелек үстелдің негізгі баяндамашылары Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшісі А.Оразбай, ЭЫҰ Мәдениет институтының президенті С.Бахти, Иранның Қазақстан Республикасындағы экс-елшісі М.Дамирчилу, ТМД мен Орталық Азия бойынша жетекші сарапшылар - Алламе Табатабаи университетінің халықаралық ғылыми ынтымақтастық департаментінің басшысы профессор М.Тишейар мен Тегеран университетінің профессоры Е.Колаи болды.

Елші А.Оразбай іс-шараға қатысушыларға Қазақстанның егемендік алған күннен бергі негізгі жетістіктері, елімізде жүргізілген және жүзеге асырылып жатқан реформалар, сыртқы саяси бастамаларды жүзеге асырудағы табыстары туралы егжей-тегжейлі баяндады.




ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың республиканың қалыптасуы мен дамуына қосқан рөлі мен қосқан үлесі ерекше атап өтілді, сонымен қатар қазіргі Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың саясаты мен басымдықтары туралы толық ақпарат берді.

Қазақстан тәуелсіздігінің таңында дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бері Қазақстан-Иран ынтымақтастығының дамуындағы табыстарға ерекше назар аударылды.

ЭЫҰ Мәдени орталығының президенті С.Бахти Қазақстанның тәуелсіз дамуы жылдарындағы басты табысы ретінде елдің өз өңірінің көшбасшысы ретінде танылуын атады.

Оған дәлел ретінде Қазақстан Республикасының жоғары экономикалық көрсеткіштерін және 350 миллиард доллардан астам тартылған инвестиция көлемін келтірді.

Ол мемлекеттің ғылыми және білім беру саласындағы жетістіктері ерекше атап өтіп, Президент Қ.Тоқаевтың «500 ғалым» жобасына жоғары баға берді.




Тағы бір маңызды жетістік деп ол Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр -Сұлтан елдің басты қаласы ретінде ғана емес, сонымен қатар бейбітшілікті нығайтуға қауіпсіздік, әлемдік мәдениеттің бірігуіне қосқан үлесі үшін ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» сыйлығын алғанын атады.

Сонымен қатар, Иранның Қазақстандағы бұрынғы елшісі М.Дамирчилу Қазақстанның дамуы туралы өз әсерімен бөлісті, ол Қазақстан Республикасындағы Иран Елшілігін басқара отырып, оның жекелеген кезеңдерін ел ішінен жеке бақылаудың тарихи мүмкіндігін атап өтті.

Ол екіжақты қатынастардың берік негізін қалаған және олардың одан әрі дамуына қуатты серпін берген мемлекеттер және сыртқы істер ведомстволары басшыларының алғашқы өзара сапарлары туралы айтты.

Ол мемлекетаралық қатынастарды нығайтуда Ирандағы қазақ диаспорасының ерекше рөлін атап өтті.




Тегеран университетінің профессоры Е.Колаи қазақстандық даму жолын мемлекеттік даму стандарты және өз халқының лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етудің эталоны деп бағалап, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап қабылданған көпвекторлы сыртқы саясаттың парасаттылығын атап көрсетті.

Оның сөзінде жас мемлекет табысының кілті этносаралық келісім мен дінаралық диалогтың қазақстандық бұрын-соңды болмаған үлгісі екені ерекше назар аударуға тұрарлық және оны тереңірек зерттеуді қажет ететіндігі баса айтылды.

Табатабаи университетінің департамент басшысы, профессор М.Тишейар Қазақстанның ғылыми және білім беру саласындағы жетістіктеріне тоқталды.

Профессор ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, Қазақстан мен Иранның оқу орындары арасындағы байланыстарды, студент алмасу, сонымен қатар қазақ және парсы тілдерін өзара оқыту саласындағы байланысты дамытудың маңызын атап өтті.

Дөңгелек үстел қатысушыларының назарына Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы бейнеролик, сонымен қатар мемлекеттің негізгі даму кезеңдері мен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының рөлі туралы парсы тіліндегі кітаптар, Елбасы Н.Н.Назарбаев, Президент Қ.К.Тоқаев Жолдауларының негізгі тезистері мен қазақ ақыны Абай өлеңдерінің мәтіні ұсынылды.




Дөңгелек үстел аясында тәуелсіздіктің басты белестері мен маңызды оқиғаларды, сонымен қатар Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен көркем жерлерін таныстыруға арналған фотокөрме ашылды.

Қонақтардың тамашалауы үшін қазақ музыкалық композициялары мен ұлттық кәдесый экспонаттары ұсынылды.

Сондай-ақ, Қазақстан елшісі Иран Ислам Республикасының ИРНА ұлттық ақпарат агенттігіне жеке сұхбат берді.


Жоғары қарай