Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ирактағы АҚШ әскери базасына жасалған шабуылдан 11 адам жарақат алды

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 12:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Иранның Ирактағы америкалық әскери базаға жасаған шабуылынан АҚШ-тың 11 әскери қызметкері жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

«Жарақат алғандар осы аптада Кувейттегі және Германияның Ландштулындағы ауруханаларға жеткізілді. Олар сол жерде ем алады» деп жазады агенттік.




9 қаңтар күні Иран генералы Амир-Али Хаджизаде америкалық базаларға жасалған шабуылдан жарақат алғандар жоқ екенін айтқан болатын. Тегеран америкалық әскерилерді өлтіруді мақсат етпегенін мәлімдеген еді.

Естеріңізге сала кетсек, Иран АҚШ-тың генерал Касем Сулейманиді өлтіргеніне жауап ретінде 8 қаңтар күні Американың әскери базасына шабуыл жасаған болатын.



Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем, Америка,
Жоғары қарай