Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Иорданияда вакцина алмаған қызметкерлер аптасына екі рет ПТР тест тапсыратын болады

2021 жылдың 19 шілде 2021 19:22

АММАН. ҚазАқпарат – Хашимит корольдігі COVID-19 вакцинасын алмаған азаматтардың жұмысын заң негізінде реттейтін шаралар қабылдауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Иордания үкіметіне сілтеме жасап.

Мұндай қадам коронавирустың үшінші толқыны алдында жасалған сақтық шаралары болмақ.

17 шілдеде Иорданияның Премьер-министрі Бишер Хасауне №32 қорғаныс бұйрығына қол қойды, ол әлі COVID-19 вакцинасын алмаған адамдар үшін жағдайды қатаңдатады.

Жаңа ережелерге сәйкес, вакцинаның екі дозасын алмаған мемлекеттік сектордағы кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері аптасына екі рет – жексенбі және бейсенбі күндері басшылыққа 72 сағат бұрын жасалған ПТР тестінің теріс нәтижесін тапсырулары тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, бірқатар араб елдерінде аптаның бірінші жұмыс күні – жексенбі, ал соңғысы – бейсенбіге келеді.

Бұйрықта көрсетілгендей, осы талаптарды сақтамағаны үшін 100-ден 500-ге дейін иордан динары (60 200-ден 301 100 теңге аралығында) мөлшерінде айыппұл салынады. Енгізілген ережелер 5 тамыздан бастап күшіне енеді, ал 15 тамыздан бастап әкімшілік қызметкерлер мен білім беру мекемелерінің оқытушыларына, сондай-ақ ЖОО студенттеріне қатысты осындай талаптар енгізілмек.

Бұйрыққа сәйкес, ПТР-тестілеуді Иорданияның Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы орталықтарында тегін алуға болады.


Жоғары қарай