Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Иордания туризм саласын құтқару шараларын қолға алды

2021 жылдың 21 маусым 2021 15:56

АММАН. ҚазАқпарат - Иордания елдің туристік секторының жеке тұлғалары мен кәсіпорындарына пандемия салдарын жеңуге көмек көрсетуге бағытталған бірқатар шара қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20 маусымда туристік сектор өкілдерімен өткен кездесуде Иордания Королі II Абдалла корольдіктің туристік саласын қалпына келтіру, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ Иордания туризмін жергілікті, өңірлік және халықаралық деңгейлерде ілгерілету қажеттілігі үшін мемлекеттік және жеке сектордың күш-жігерін біріктіруге шақырды.

Сондай-ақ ол шетелден туристер санын арттыру мақсатында арзан авиатасымалдаушыларды тартуға шақырды.

Сол күні Иордания үкіметінің отырысында туристік секторды қолдау бойынша бірқатар шара қабылданды.

Бүгінде Иорданияға бару үшін қазақстандықтарға ұшардан 72 сағат бұрын ПТР-тест тапсыру жеткілікті. Вакцинация сертификаты бар туристерге ПТР-тесті қайта тапсырудың қажеті жоқ.

Өткен аптада хабарланғандай, корольдік осы айдан бастап «Спутник V» вакцинасын алғандығы жөнінде сертификаты бар туристерді қабылдай бастады.


Жоғары қарай