Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Иордания астанасында көшелердің біріне Абай есімі беріледі

2020 жылдың 18 қараша 2020 17:00

АММАН. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында көшелердің біріне Абайдың есімі беріледі. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Айдарбек Тұматов Амман қаласының мэрі Юсеф аш-Шауарибпен кездесті. Келіссөздер барысында Нұр-Сұлтан әкімдігі мен Амман муниципалитеті арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары, сондай-ақ екіжақты бастамаларға қолдау көрсету мәселесі талқыланды.

Сондай-ақ ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өту аясында Амман қаласындағы орталық көшелердің біріне қазақтың ұлы ақынының есімін беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Оның салтанатты ашылуы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында жоспарланған.

Айта кетейік, 2010 жылдың мамыр айында Король ІІ Абдалланың Жарлығымен Иордания астанасының орталық көшелерінің біріне ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың есімі берілді. 2018 жылғы желтоқсанда Амманда «Астана» көшесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Нұр-Сұлтанда Иордания астанасы Амман атындағы көше бар, ал 2017 жылғы 27 шілдеде Иорданияның ұлттық күні аясында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде Хусейн бен Талал атындағы көшені ашу рәсімі өтті.





Жоғары қарай