Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Инвестиция тартуда Түркістан мен Ақмола облыстары басқа өңірлерден алда келеді

2020 жылдың 9 маусым 2020 09:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңірге инвестиция тарту жағынан Түркістан мен Ақмола облыстары көш басына шықса, Қызылорда мен Атырау ең соңғы орындарда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаңтар-сәуірде сыртқы сауда айналымы 28,2 млрд долларды құрады. Экспорт 18,4 млрд долларды, импорт 9,8 млрд долларды көрсетті. Сауда балансының оң сальдосы өткен жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 4,0%-ға ұлғайды», - деді Үкімет отырысында баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Министр келтірген мәліметке сәйкес өнеркәсіп өндірісі 4,8%-ға ұлғайған.

«Өсім өңірлердің көбінде байқалады. Ең жоғары өсімді Атырау (14,1%) және Қостанай (11,2%) облыстары көрсетті. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл Қызылорда (-11,1%), Ақтөбе (-1,7%), Маңғыстау (-1,6%) облыстары және Шымкент қаласы (-3,9%)», - деді ол.

Руслан Дәленов өңдеу өнеркәсібінде өндіріс өсіп келе жатқанын атап өтті. Өсім бұл бағытта 4,9%-да құраған.

«Фармацевтика (21,2%-ға), машина жасау (өсу 18,5%-ке), құрылыс материалдарын өндіру (12,3%-ға) және жеңіл өнеркәсіп (10,8%-ға) өсімнің жоғары қарқындарын көрсетті. Өңірлер бойынша жоғары өсім Қостанай (21,1%-ға), Түркістан (16,3%-ға), Қызылорда (13,4%-ға) және Атырау (12,1%-ға) облыстарында байқалады.5 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл Ақтөбе (-5,3%), Маңғыстау (-3,7%), Жамбыл (-2%), Шығыс Қазақстан (-0,5%), облыстарында және Шымкент қаласы (-4,9%)», - дейді Руслан Дәленов.

Министр сондай-ақ инвестициялар бойынша 15 өңір өсімді көрсеткенін жеткізді.

«Түркістан облысында инвестиция 2 есеге жуық, Ақмола облысында – үштен бірге өсті. 2 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл Қызылорда (-49,1%) және Атырау (-11,1%) облыстары. Жалпы, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі 0,1%-ды құрады», - дейді Руслан Дәленов.


Жоғары қарай