Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Инвестиция өсімі 15,1% жетті - Үкімет отырысы

2021 жылдың 12 қазан 2021 09:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жылдың тоғыз айында тау-кен өндіру өнеркәсібінен тыс капиталға инвестициялардың өсу қарқыны 15,1% болды. Үкімет отырысында тоғыз айдағы экономиканың өсімі туралы есеп берген ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев осындай деректер келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономикалық өсудің маңызды факторы ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту болып отыр. Оның ішінде қомақты инвестицияларды өндіруші емес салаларға тарту байқалуда.

Жылдың тоғыз айында тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны 15,1% құрады.

Инвестиция құрылыс саласында – 1,3 есе, өңдеу өнеркәсібінде – 80,6%, саудада – 37,8%, ауыл шаруашылығында – 36,7%, ақпарат және байланыста – 14,3%, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында –18,9% және қаржы саласында – 15,6% өсті», - деді Әсет Ерғалиев.

Оның мәліметі бойынша, өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалып отыр.

«Биылғы қаңтар-тамызда сыртқы сауда тауар айналымы 62,8 млрд АҚШ долларын, оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 37,5 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, өңделген тауарлар экспорты 23,2% артып, 12,1 млрд АҚШ долларына дейін жетті», - деді министр.


Жоғары қарай