Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Интернетті ауыл үйлеріне тарту жұмыстары субсидияланады

2020 жылдың 16 қазан 2020 11:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл үйлеріне интернет тарту бағытында субсидия ескерілмек. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта ауылдық елді мекендерде сымды телефония қызметтері мен пошта қызметтері жыл сайын 8 млрд теңгеге субсидия алуда. Біз енді интернетті ауыл үйлеріне дейін жеткізу үшін телеком операторларын ынталандыру ретінде оптикалық байланыс және басқа технологиялар арқылы қосылған интернетті үйге жеткізуді субсидиялайтын боламыз», - деді министр цифрландыру тақырыбы бойынша Сенатта өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Нәтижесінде, ауылдық елді мекендердің тұрғындары қазіргі заманғы көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік алады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Б. Мусин қаладағы тұрғын үй кешендерін интернетсіз пайдалануға беруге тыйым салу жоспарланып отырғандығын айтқан еді.



Жоғары қарай