Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

InSight зонды тұңғыш рет Марс топырағын бұрғылады

2019 жылдың 3 наурыз 2019 13:21

АСТАНА. ҚазАқпарат - NASA-ның «Mars InSight» зонды тұңғыш рет Марс ғаламшарының топырағын бұрғылады. Бұл туралы Германияның авиация және гарыш орталығына (DLR) сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Зонд операцияны 28 ақпанда жүргізген. 4 сағатта ол төрт мың соққы жасап, 18-50 сантиметрге тереңдеді. Болжам бойынша бұрғылау қондырғысы тасқа тиіп, 15 градусқа бағытын бұрған және тасты орнынан қозғалтып жіберген немесе онымен енді жанаспаған.

Қазір InSight салқындап жатыр, осыдан соң тағы да 4 сағаттық екінші кезең басталады. Бұрғылау мақсаты - 3-5 метрге дейін үңгілеу. Бұл Қызыл ғаламшардың қойнауынан шығатын жылу ағынын есептеу үшін 14 температуралық датчигі бар желі өткізуге мүмкіндік береді.

NASA-ның «Mars InSight» зонды 2018 жылдың мамыр айында іске қосылған. Қарашада ол Марсқа, Элизий тауының аумағына қонды. Сол кезде зонд Қызыл ғаламшардың бетінен алғашқы фотосуретті жіберген болатын. Ал желтоқсанда желдің гуілін жазып алды.

Басты сөздер: Ғылым, Ғарыш,
Жоғары қарай