Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Инклюзивті білім тақырыбында жазатын журналистер арасында байқау жарияланды

2021 жылдың 23 ақпан 2021 11:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Журналистер арасында инклюзивті білім туралы үздік материалға байқау жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Болашақ» Корпоративтік қоры @bolashakcharity журналистер мен әлеуметтік желілерді қолданушылар арасында инклюзивті білім туралы үздік материалға жыл сайынғы байқауға қатысуға шақырады. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 1 500 000 теңге.

Конкурс 5 номинация бойынша өткізіледі:

- ең үздік телевизиялық жұмыс

- ең үздік әлеуметтік ролик

- ең үздік баспасөз бетіндегі жарияланым

- ең үздік интернет-мақала

- ең үздік пост.

Өтінімдер 2021 жылғы 1 наурызға дейін қабылданады.

Конкурс шарттарымен www.bolashakcharity.kz сайтында танысуға болады:

Конкурс Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өтеді.

Толық ақпаратты 8 7172 500 618, +7 775 225 19 07 телефондары бойынша ала алалсыз.





Басты сөздер: Білім, БАҚ,
Жоғары қарай