Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Инфодемия пандемиядан да қауіпті - Süddeutsche Zeitung

2020 жылдың 21 наурыз 2020 23:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Дағдарыс кезінде өсек пен жалған ақпарат ерекше жылдам тарайды» деп жазады Süddeutsche Zeitung неміс басылымы.

Мақалада автор коронавирусқа байланысты жалған ақпараттардың көп тарап жатқанын айтады.

«Германияда бір әйел инпрофен Covid-19 қаупін арттыратынын айтып, хабарлама таратып жіберді. Бұл бір ғана мысал. Тіпті, Дональд Трамптың өзі бірнеше апта коронавирус туралы сөйлеп, халықты жаңылыстырды. Ол бірнеше апта бойы жағдай бақылауда екенін айтып, коронавирус АҚШ-қа бармайтынын, вакцина дайын екенін айтқан еді. Ал бұның барлығы шындыққа жанаспайды», - деп жазады автор.

Оның айтуынша, вирусты пандемия кезінде вирусты инфодемия да тез тарайды.

«Өсек, жартылай шындық, фейк хабарламалар өте жылдам тарайды. Әрине, цифрлық дезинформация ешкімге жұқпайды. Дегенмен, халықтың сенімсіздігін арттырып, адамдардың жайбарақат қарауына, жағдайды жеңіл қабылдауына алып келеді. Ал пандемия жағдайында бұл әрекеттер өмір мен өлім мәселесіне айналады», - дейді автор.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы өткен аптада «Біз пандемиямен ғана емес, инфодемиямен де күресіп жатымыз. Жалған хабарламалар вирустан да жылдам тарап жатыр. Бұл одан да қауіпті», - деген еді.

Newsguard фактілерді тексеру қызметінің мәліметінше, наурыз айының басынан бастап адамдар жалған 50 млннан астам рет ақпарат немесе жаңылыстыратын ақпаратты бөліскен немесе комментарий жазған. Бұл ресми дереккөздердегі ақпараттар көрсеткішінен 142 есе көп.

Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай