Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Индустрия министрлігі Шұбаркөл көмірінің Қырғызстанға экспорты туралы түсінік берді

2021 жылдың 26 қараша 2021 19:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Шұбаркөл көмірінің Қырғызстанға экспорты туралы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шұбаркөл Көмір» АҚ жылдық келісімшарт негізінде Қырғызстан кәсіпорындарына көмір жеткізеді.

«Ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында Бішкек ЖЭО-на 80 мың тонна көмір жеткізілді, ал «Алтын корпорация» және «Гефест» компанияларына 190 мың тонна көлемінде көмір жөнелтілді. Өткен жылдың 10 айында Қырғызстанға 404 мың тонна көмір жеткізілді. Биыл отандық нарықтағы көмірге деген сұраныстың артуына байланысты Қырғызстан бағытындағы көлем қысқарып, 270 мың тоннаны құрады, яғни 134 мың тоннаға аз жеткізілді. «Шұбакөл Көмір» АҚ-ның ақпараты бойынша, бірінші кезекте көмірмен қазақстандық нарық қамтамасыз етіледі», - делінген министрлік баспасөз қызметінің мәліметінде.

Осы орайда Қырғызстан бағытында компания артық қалған көмірді жеткізу бойынша ғана жұмыс істейді.

«Бұдан бөлек, биыл Қырғызстанға жоспарланған көлемнің жартысы экспортталды. Осындай үлгі бойынша компания келесі жылы да жұмыс істейтін болады. БАҚ-да көтерілген келісім туралы айтатын болсақ, мұндай келісім жыл сайын жасалады. Аталмыш келісім 2021 жылдың мамыр айында ұзартылғанын хабарлаймыз. Осы жылы Келісімде көзделген көлемнің ұлғаюы күтілмейді», - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Айта кетейік, бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстаннан Қырғызстан бағытында «Шұбаркөл» көмірін жеткізу көлемі ұлғайтылатыны туралы хабарланған еді.


Жоғары қарай