Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Индонезияда жер сілкінісі құрбандарының саны артты

2021 жылдың 17 қаңтар 2021 12:46

ДЖАКАРТА. ҚазАқпарат – Осы аптада Индонезияны дүр сілкіндірген жер сілкінісі құрбандарының саны 56 адамға дейін артты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Жұма күні Дүлей апаттардың салдарын азайту агенттігі (BNPB) Индонезияның Батыс Сулавеси провинциясында болған екі жер сілкінісінен 42 адам қаза тапқанын хабарлаған болатын. Бірінші жерасты дүмпуі – 6,2 балл, екіншісі 5,9 балл қуатымен болды.

BNPB мәліметтері бойынша, 6,2 балдық алғашқы жер сілкінісінен кейін 820-дан астам адам жарақат алып, 15 мыңға жуығы үйлерін тастап шығуға мәжбүр болды. Куәгерлердің айтуынша, кейбіреулер таулардан пана іздеген, ал басқалары эвакуациялық орталықтарға барған.

Зілзала эпицентрі Сулавеси аралының батысындағы Мамуджу қаласының маңында орналасқан. Жерасты дүмпулері адамдар ұйқыға кеткен уақытта, түнде болған. Бұл фактор зардап шеккендердің көп болуын түсіндіреді.


Жоғары қарай