Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Инара Намазбаева: Біріксек, біз алмайтын қамал жоқ

2020 жылдың 21 наурыз 2020 16:34

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгінгі күннің басты тақырыбына айналған коронавирус дерті Қазақстанды да айналып өтпеді.

Аты жаман кеселдің алдын алу мен одан сақтану шаралары баршамызға түсінікті, дейді «Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, кәсіпкер Инара Намазбаева.

Оның айтуынша, күні кеше Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқына үндеу жолдады. Түркістан кәсіпкерлері бірауыздан Елбасы үндеуін қолдап, қиын сәтте халыққа қол ұшын созуда. Жұдырықтай жұмылып ел игілігі үшін сақтық шаралары мен алдын алуға арналған шараларға арнайы қаржы бөліп отыр.

«Қазақтың мәрттігі мен жомарттығы бір төбе, дархан пейілі мен бауырмалдығы бөлек әңгіме екеніне тағы да көз жеткізіп отырмыз Алайда, тұрғындар байбалам салмай, тәртіпке бағыну арқылы сақтық шаралары мен ескертулерді орындаса, бәрі ойдағыдай боларына сенемін»,-дейді кәсіпкер.


Жоғары қарай