Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Импортқа тәуелді өнім өндіру саласында жұмыс істеймін дегендерге үлкен мүмкіндік бар - Смайылов

2022 жылдың 17 мамыр 2022 10:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Импортқа тәуелді өнім өндіру саласында жұмыс істеймін дегендерге үлкен мүмкіндік бар. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мал шаруашылығы – отандық ауыл шаруашылығындағы дәстүрлі әрі жетекші саланың бірі. Мемлекет мал басын көбейтіп, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін арнайы қолдау көрсетіп келеді. Оның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру, техника мен жабдықтарды сатып алу кезінде шығындарды өтеуге қаржы қарастырылған. Статистикалық деректерге сүйенсек, мал шаруашылығы оң қарқынмен өсіп келеді. Осы орайда мал шаруашылығы азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды элементі екенін де айта кеткен жөн», деді Үкімет Ібасшысы.

Оның дерегінше, әлеуметтік маңызы бар 19 өнімінің төртеуі импортқа тәуелді. Олар – құс еті, шұжық, сүт және сүт өнімдері.

«Сондықтан бұл салада жұмыс істеймін дегендерге үлкен мүмкіндік бар. Біздің алдымызда тұрған аса маңызды міндет – осы өнім түрлерін шығаруда отандық өндірушілердің үлесін 100 пайызға дейін арттыру. Әсіресе, шикізатты терең өңдеу жобаларын іске асыруға баса назар аударып, сыртқы нарықтарға шығуды да ескеру қажет», деді Әлихан Смайылов.


Жоғары қарай