Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар ондығына кірді

2020 жылдың 16 шілде 2020 10:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Tesla және SpaceX компанияларын басқаратын американдық кәсіпкер Илон Маск Forbes журналының нұсқасы бойынша алғаш рет ғаламшардағы ең бай адамдар «ондығына» кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш басылымның сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі кезде Масктің дәулеті 70,8 млрд долларға бағаланып отыр. Forbes оның байлығының өсуі көбіне Tesla акциялары бағасының күрт көтерілуіне байланысты екенін атап өтті.

NASDAQ электронды биржасының сайтында жарияланған мәліметтер бойынша, наурыз айының ортасында компанияның бір акциясының бағасы 400 доллардан аспаған болса, сәрсенбі күні сауда жабылар кезде ол тіпті 1541 доллардан да жоғары.

Қазіргі уақытта Forbes Маскті ғаламшардың ең бай адамдар тізімінде сегізінші орынға қойып отыр. Тізімде тоғызыншы орынды дәулеті 68,5 млрд долларды құрап отырған үнділік Reliance Industries холдингінің басшысы Мукеш Амбани еншілесе, «ондықты» Google компаясының негізін қалаушылардың бірі Ларри Пейдж (67,7 млрд доллар) түйіндеді.

Басты сөздер: Экономика, Әлем,
Жоғары қарай