Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Илон Маск АҚШ-тағы қор сауда-саттығының қорытындысы бойынша $6,2 млрд жоғалтты

2021 жылдың 5 наурыз 2021 15:15

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Америкалық кәсіпкер Илон Маск активтерінің жиынтық құны бейсенбі күні АҚШ-тағы қор сауда-саттығының қорытындылары бойынша өзіне тиесілі Tesla компаниясының акциялары 5%-ға төмендегендіктен 6,2 млрд долларға азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Forbes журналына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, кәсіпкердің жағдайы $150,9 млрд-қа дейін төмендеген, сауда сессиясының қорытындысы бойынша Tesla акциялары $32,25 (4,94%), $620 дейін арзандаған.

Forbes құраған әлемдегі ең бай адамдардың рейтингінде Маск үшінші орында. Бұл көрсеткіш америкалық Amazon корпорациясының басшысы (Джефф Безос ($175,4 млрд) және француздық LouisVuitton Moet Hennessy компаниялар тобының бас директоры Бернар Арноданнан ($155,6 млрд) төмен.

Bloomberg агенттігі Маск активтерінің жалпы құнын 160 миллиард доллардан астамға бағалайды. Агенттік құрған әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде Маск екінші орында. Қазір одан тек Безос алда тұр.


Басты сөздер: Әлем, Экономика,
Жоғары қарай