Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ильхам Әлиев: Нұрсұлтан Назарбаев – Әзербайжанның нағыз досы

2020 жылдың 6 шілде 2020 19:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Әзербайжан Президенті Елбасын 80 жасқа толуымен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке және бауырлас Қазақстан халқының игілігі жолындағы жасампаз істеріне табыс тіледі.

Ильхам Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзербайжанның нағыз досы екенін айтып, Қазақстан-Әзірбайжан қатынастарының негізін қалауға, сондай-ақ түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Елбасы Әзербайжан көшбасшысына жүрекжарды құттықтауы үшін алғысын білдіріп, ғасырлар бойы екі елді біріктіріп келе жатқан достық пен тату көршілік дәстүрлерді нығайтуды қолдайтынын айтты.

Телефон арқылы сөйлесуге Әзербайжан тарапы бастамашы болды.


Жоғары қарай