Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Хоккейден Қазақстан чемпионатының аты және логотипі өзгерді

2020 жылдың 4 тамыз 2020 21:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің бас хоккей турнирі 2020/2021 жылғы маусымнан бастап PRO HOKEI LIGASY – Қазақстанның кәсіпқой хоккей лигасы деп аталады, деп хабарлайды SPORTINFORM агенттігі Қазақстан хоккей федерациясының (QHF) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Федерация Қазақстанның «Creeon» дизайн студиясымен бірлесіп спорттық дизайндағы негізгі бағыттарды бейнелейтін ерекше эмблема жасап шығарды.

«Әлемдік хоккей трендіне ілесіп, біз де негізгі логотип ретін қалқанды алдық. Ол қамқорлық, бірлік пен намыс символы. Өткір бұрыш, қатты формалар ойынның мәнін – күш пен энергияны, сенімділікті, биік мақсат мен чемпиондыққа деген ұмтылысты көрсетеді», - делінген QHF Instagram парақшасында.

Айта кетсек, бұған дейін хоккей федерациясы да атауы мен ұйымның логотипін өзгертіп ребрендинг жасаған болатын.

Қазақстанның Кәсіпқой хоккей лигасы 12 қыркүйекте басталады деп жоспарланған. Лигаға Қазақстан мен Өзбекстанның 10 командасы қатысады. 2019/2020 жылғы маусым COVID-19 пандемиясына байланысты аяқталмай қалған еді.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай