Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Хоккей клубтарын бюджеттен қаржыландыру 1,2 млрд теңгеден аспауы керек - министр

2021 жылдың 14 мамыр 2021 15:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова кәсіби спорт клубтарын бюджеттен қаржыландыру лимиттерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кәсіби спорттық клубтардың қызметіне жұмсалып келген қаражаттың бір бөлігін бұқаралық және балалар спортына бөлу туралы Президенттің тапсырмасын орындап келеміз. Бұған дейін де айтқанымдай, оның көлемі 2020 жылы 55 млрд теңге болды. Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Біз лимит бекіттік. Бұл лимит барлық облыстарға таратылды», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сала жетекшісінің айтуынша, қаржыландыру шегі әр спорт бағытына қарай жеке-жеке реттелген.

«Мысалы футбол немесе хоккей клубтарын қаржыландыру көлемі 1,2 млрд теңгеден аспауы керек. Қалған спорт түрлеріне қойылған лимит 450 млн теңгеден аспауы тиіс. Мұның экономикалық тиімділігі елеулі болады. Өйткені үнемделген ақшаның бәрі бұқаралық спортты дамытуға, балалар мен жасөспірімдер спортына арналған мемлекеттік тапсырыстарға бағытталады», - деді Ақтоты Райымқұлова


Жоғары қарай