Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

2021 жылдың 25 ақпан 2021 09:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін, 25 ақпанда елордада Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің) командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын астана уақытымен сағат 22.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін биылғы турнирде үш мәрте кездесті. 2020 жылдың 10 қыркүйегінде елордада өткен ойында «Барыс» қарсыласын 3:2 есебімен cүріндірді. Одан кейін 30 қазанда елордалық клуб тағы да 3:1 есеппен жеңіп кетсе, 19 желтоқсанда сырт айдында қарсыласын овертаймда 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетерлігі, екі команда арасындағы соңғы төрт ойында да қазақстандық клубтың мерейі үстем болды.

Екі команда бұған дейін 17 мәрте шеберлік байқасты. Оның 13-інде «Барыс» басымдық танытса, қалғанында «Куньлунь Ред Стардың» мерейі үстем болды. Елордалық клуб олардың қақпасына 46 шайба соқса, өз қақпасына 29 гол жіберіп алды.

«Барыс» соңғы 10 кездесудің 4-уінде басымдық танытты. Турнир кестесінде 58 ойыннан кейін 67 ұпаймен 11-орында келеді.

Ал «Куньлунь Ред Стар» соңғы 10 ойында 8 рет жеңілді. Турнир кестесінде 58 ойыннан кейін 34 ұпай жинап, 22-орында тұр.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Барыс» овертаймда «Ак Барстан» жеңілді.





Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай