Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін cырт айдында Финляндияның «Йокерит» (Хельсинки) командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойын астана уақытымен сағат 22.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін биылғы турнирде бір мәрте кездесті. 2020 жылдың 21 қазанында елордада өткенде ойында «Йокерит» овертаймда 5:4 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, «Барыс» соңғы 10 кездесудің 6-уында басымдық танытты. Турнир кестесінде 44 ойыннан кейін 51 ұпаймен 15-орында келеді.
Ал «Йокерит» соңғы 10 ойында 4 рет жеңілді. Турнир кестесінде 43 ойыннан кейін 53 ұпай жинап, 12-орында тұр.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Барыс» елордада Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасынан басым түсті https://www.inform.kz/kz/khl-nikita-mihaylistin-ush-goly-baryska-zhenis-aperdi_a3742118.