Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 1 желтоқсанда елордада Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойын елорда уақытымен сағат 17.00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 13 мәрте кездесті. Оның 9-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клуб жеңіске жетті.
Айта кетерлігі, соңғы бес кездесуде елордалық хоккейшілердің мерейі үстем болды.
«Барыс» 27 ойыннан кейін 27 ұпай жинап, турнир кестесінде 19 орында келеді. Ал 30 ойыннан кейін 21 ұпай еншілеген «Металлург» 20 орында тұр.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Барыс» мәскеулік «Спартакты» ұтты.