Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ХОК: Олимпиадасындағы бокс бәсекесі ашық және әділ өтуі тиіс

2021 жылдың 23 шілде 2021 12:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасындағы бокс бәсекесі мейілінше ашық және әділ өтуі тиіс. Бұл туралы Халықаралық Олимпида комитеті комиссиясының басшысы Ленни Эбби мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз үшін барлығы ашық және әділ болғаны маңызды. Сондықтан, біз көптеген жұмыс атқарды. Барлығы жоғары деңгейде өту үшін қосымша процедуралар өткіздік», - деді ол.

Айта кетелік, 2018 жылдың 30 қарашасында ХОК Олимпиададағы бокс бәсекесін уақытша тоқтатып қойды. Кейін ХОК боксты Олимпиадада қалдыру туралы шешім қабылдады, алайда, АІВА ХОК талаптарын орындамағы үшін уақытша шеттетілді.


Басты сөздер: Олимпиада, Бокс, Спорт,
Жоғары қарай