Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ХҚО ақпараттық жүйесі кідіріспен жұмыс істеп тұр

2021 жылдың 18 қаңтар 2021 14:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қолданылатын ақпараттық жүйелер кідіріспен жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қызмет алушылардың назарына! Бүгін тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету процесінде жұмылдырылған бөлек ақпараттық жүйелер кідіріспен жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты, азаматтардың ХҚО мен автокөлік иелеріне арналған мамандандырылған ХҚО-ға адамдар көптеп жиналып қалды. Қазіргі кезде «Ұлттық ақпараттық жүйелер» АҚ мамандары техникалық ақауларды жоюмен айналысып жатыр. Әрбір азаматқа сабыр сақтауды, халық көп жиналатын орындардан алыс жүріп, мүмкіндігінше мемлекеттік қызмет түрлерін онлайн алуын сұраймыз», - делінген хабарламада.


Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай