Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап айтылды – Ерлан Сайыров Президент үндеуі туралы

2020 жылдың 8 шілде 2020 21:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Ерлан Сайыров Мемлекет басшысының еліміздегі ахуалға байланысты үндеуіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі сөзінде Мемлекет басшысы пандемияға қарсы күрес жөніндегі көптеген мәселелерді қамтыды. Менің ойымша, халықтың көкейінде жүрген, халықтың басым көпшілігі қойып отырған сұрақтарға жауап айтылды», - дейді саясаттанушы.

Сонымен бірге спикер Қазақстанда пандемияға қарсы күрестің үш аспектісі бар екенін атап өтті.

«Бірінші аспект – азаматтардың әрқайсысының жеке тәртібі. Егер карантинде болып, өз тағдырымыз өзімізге байланысты екенін сезінбейтін болсақ, пандемияны жеңу мүмкін емес. Екінші аспект – халықтың басым көпшілігі ауырып, қиын жағдайда қалды. Оларға дәрі-дәрмек, психологиялық көмек қажет. Менің ойымша, дәрі-дәрмекпен және психологиялық көмектің жан-жақты аспектілері қарастырылды. Сонымен бірге, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан адамдардың қайтыс болуы – үлкен трагедия. Осыған байланысты, 13 шілде Аза тұту күні деп жарияланды. Егер осы айтылған мәселелердің барлығы жүзеге асатын болса, пандемияға қарсы күрестің жаңа көрінісі ашылды деп айтуға барлық негіз бар», - деді Е. Сайыров.

Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасады. Президент 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.



Жоғары қарай