Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Халықаралық сауда ережесі көміртек салығы салдарынан түбегейлі өзгереді - Брекешев

2021 жылдың 13 қазан 2021 19:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық сауда ережесі көміртек салығы салдарынан түбегейлі өзгереді. Мұндай пікірді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішсі.

«Қазақстан Республикасы жаһандық температураның 2 градустан астам өсуіне жол бермеу жөніндегі Париж келісімінің температуралық мақсатына қол жеткізу жолындағы күш-жігерді жандандыру және менмендікті арттыру жөніндегі жаһандық күн тәртібін толық қолдайды. Климаттың өзгерумен күрес әлемдік экономикалық күн тәртібін ауыстырады. Көміртегі бейтараптылығы мақсаты туралы мәлімдеген елдердің саны жыл сайын артып келеді. Ірі қаржы институттары да көмірмен байланысты жобалардан жасыл технологиялардың пайдасына толықтай бас тартты», - деді деді ол «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» халықаралық конференция барысында.

Оның атап өтуінше, көмір саласына экономикалық қысым күшейіп келеді.

«CarbonTracker зерттеулеріне сәйкес, 2015 жылдан бастап бүкіл әлемде салынып жатқан көмір электр стансаларының саны 84 пайызға кеміген. 2023 жылдан бастап еуропалық одақ көміртекқамтымды өнімдер импортына арналған шекаралық көміртек салығын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл халықаралық сауда ережесін түбегейлі өзгертеді», - деді Серікқали Брекешев.


Жоғары қарай