Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Халықаралық Олимпиада ойындардың жаңа ұраны бекітілді

2021 жылдың 20 шілде 2021 22:06

ТОКИО. ҚазАқпарат – Токиода өткен Халықаралық олимпиада комитетінің сессиясында бірауыздан Олимпиада ойындарының жаңа ұраны бекітілді. Бұл туралы Олимпиада ойындардың сайтында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ендігі уақытта Олимпиада ойындарында «Жылдамырақ, биік, күштірек - бірге», - деп ұрандалады.

«Ұйымшылдық – спорт арқылы әлемді жақсарта түсудегі біздің негізгі миссиямыз. Жылдам болу үшін, жоғары биік шығдарды бағындыру үшін және мықты болу үшін біз бірге болуымыз керек», - деді Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах.

Олимпиаданың қазіргі ұраны «Жылдамырақ, биік, күштірек» 1894 жылы алғашқы олимпиада конгресінің шешімімен бекітілді. 1896 жылы Афинада алғаш қазіргі заман олимпиада ойындары өтті.

ХОК басшысы Томас Бах «Ұйымшылдық» сөзіне ерекше тоқталып өтті. Ұрандағы «Бірге» сөзі ол ұйымшылдықты білдіреді.

Айта кетейік, XXXII жазғы Олимпиада ойындары 23 шілде – 8 тамыз аралығында Жапония астанасы Токиода өтеді. Қазақстанның құрама командасы 27 спорт түрінен 97 лицензияны қанжығалады. Және 16 шілде күні ел намысын қорғайтын спортшылар Жапонияға аттанды.



Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Олимпиада, Спорт,
Жоғары қарай