Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» іс-шаралары онлайн режімде өтеді - АҚДМ

2020 жылдың 21 ақпан 2020 15:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында іс-шараларын Министрліктің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі аккаунттарда онлайн-көрсетілімін іске қосады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онлайн-трансляциялар өткізуді қамтамасыз ету мақсатында Министрлікте тиісті кесте бекітілген, оған 15-ке тарта өзекті ашық іс-шаралар (отырыстар, кеңестер, дөңгелек үстелдер, форумдар және т.б.) енгізілген.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасының негізгі мақсаты мемлекет пен халық арасында сындарлы диалог орнату болып табылады.

Мемлекеттік аппарат қызметіндегі проблемалар көбінесе азаматтар мен шенеуніктер арасындағы кері байланыстың болмауынан екені жасырын емес.

Іс-шаралардың онлайн трансляциялары Министрліктің ресми интернет-ресурсында, Facebook және Youtube әлеуметтік желілерінде қолжетімді болады.

Сонымен қатар, Интернет пайдаланушылары онлайн-трансляция барысында өз пікірлерін қалдыра алады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда әр апта сайын онлайн режімінде Үкімет отырыстары, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің жалпы отырыстары, сондай-ақ «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға сәйкес жыл қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың алқа отырыстары трансляцияланады.


Жоғары қарай