Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Халық санағын желеу етіп жасалатын алаяқтық факт тіркелген жоқ - ІІМ

2021 жылдың 7 қазан 2021 15:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар мессенджерде халық санағын желеу етіп, бейнебайланыс арқылы қоңырау шалып, адамның бетін сканерлеп, олардың атына несие алатын алаяқтар туралы аудиожазбамен бөлісуде. ІІМ баспасөз қызметі мұндай фактілер тіркелмегенін хабарлады. Бұл туралы ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандықтар WhatsApp-та таратқан хабарламада бір әйел Шахан, Ақтас және Қарағандыда алаяқтардан зардап шеккен үш адам туралы айтады.

Оның айтуынша, алаяқтар бейнеқоңырау шалып, бірнеше сұрақ қояды, осы уақытта адамның бетін сканерлеп, оның атына бірнеше несие алады.
ІІМ мұндай фактілердің тіркелгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Қарағанды облысының ПД өтіп жатқан «Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағы – 2021» желеу етіп жасалған алаяқтық іс-әрекеттер фактілері бойынша қылмыстық істер тіркелген жоқ», – делінген StopFake.kz жолдаған сауалға берілген жауапта.

Сонымен қатар, ІІМ өкілдері қазақстандықтарды қауіпсіздік шараларын естен шығармауға шақырады.
«Ішкі істер министрлігі азаматтардың назарын банк шоттарының қорғалуын қамтамасыз ету үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екеніне аударады:
– парольдерді үнемі өзгертіп отырыңыздар, ол күрделі болуы тиіс;
– төлем жүйелерінде бар барлық қауіпсіздік жүйелерін қосу керек: смс растау, IP-мекен жайды бақылау, 3D-secure және т.
Егер алаяқтардың құрбаны болғаныңызды түсінсеңіз, бірінші кезекте банкке хабарласып, алаяқтық әрекеттер нәтижесінде болған ақша қаражатының қозғалысына байланысты барлық операцияларды бұғаттауға тырысыңыз. Алаяқтармен жүргізілген барлық хат-хабарларды, сондай-ақ өзіңізге қатысты жасалған қылмысты ашуға ықпал ететін ақпаратты сақтаңыз. Тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімшесіне хабарласыңыз.
Сонымен қатар, ресми ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер» , – деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетсек, 1 қазаннан бастап Қазақстанда халық санағының екінші кезеңі басталады. Онлайн форматта сауалнамадан өздігінен өтпегендерге сұхбат алушылар келеді.



Басты сөздер: Фейк, ҚР ІІМ, Халық санағы,
Жоғары қарай