Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Халық кредитіне рақымшылық жасалды» - ақпарат фейк

2022 жылдың 24 мамыр 2022 19:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кредиттік рақымшылық жасалғаны және халықтың қарыздары есептен шығарылғаны туралы тараған ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство мәліметінше, таралып жатқан 2019 жылғы видеоролик. Ол кезде «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Мемлекет басшысының Жарлығын (2019 жылғы 26 маусымдағы) және ҚР Үкіметінің қаулысын (2019 жылғы 15 шілдедегі) орындау бойынша жұмыстар атқарылған болатын.

«Осы қаулы шеңберінде көмек 2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы сәуір аралығында көрсетілді. Нәтижесінде 577,7 мың азамат үшін жалпы сомасы 120,5 млрд теңге болатын берешекті есептен шығару процедурасы жүргізілді.

Қаулы 2019 жылғы 13 желтоқсанда қолданысын тоқтатты және қазіргі уақытта оның заңды күші жоқ. Бұл бастама бірреттік болды.

Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан жалған мәліметтерге сенбеуді және ақпаратты тек ресми және тексерілген дереккөздерден алуды сұраймыз», - делінген агенттік хабарламасында.


Жоғары қарай