Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Халық қатысатын бюджет» жобаларын қаржыландыру 10 есеге ұлғайтылады

2021 жылдың 16 тамыз 2021 18:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Халық қатысатын бюджет» жобаларын қаржыландыру 10 есеге ұлғайтылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаментінің директоры Анар Байтүкенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы пилоттық режимде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және барлық облыс орталықтарында «Халық қатысатын бюджет» құралы сәтті енгізілді. Ол азаматтардың бюджет процесіне кеңінен қатысуын көздейді. Аулалар мен спорт алаңдарын абаттандыру бойынша 2,3 млрд теңге сомасына 81 жоба іске асырылды. Пилоттық жобаның оң нәтижелерін ескере отырып, «Халық қатысатын бюджет» аясындағы жобаларды қаржыландыру көлемін 10 есе ұлғайту көзделіп отыр», - деді Анар Байтүкенова.

Сонымен қатар ол жергілікті бюджеттерді бекіту процесіне бақылауды күшейту мақсатында инфрақұрылымдық және әлеуметтік бастамаларға арналған шығыстар бойынша онлайн-сұрауларды қолдануды қоса алғанда, қоғамдық сараптамаларды енгізу көзделетіндігін айтты.

«Бұл іс-шаралар халықтың нақты қажеттіліктерін ескеруге және азаматтардың жергілікті атқарушы билік органдарына сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді департамент директоры.


Жоғары қарай